
Қызылордалық «Қазсушар» мамандары «Бесарық» су қоймасына жүргізген мониторинг кезінде бір топ аққуды байқады. Құстардың айдынға қонуы қоймада су деңгейінің артуымен байланысты.
«Бесарық» су қоймасы 1974 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта онда 10,4 млн текше метр су жиналған. Нысан Жаңақорған ауданында өсірілетін бақша дақылдарын суару үшін пайдаланылады.