Апталық шолу

Апталық шолу

 

10.03

БҚО

Батыс Қазақстан облысындағы 87 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін суару жүйесі көктемгі су тасқынын өткізуге дайын.

 

11.03

Астана

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді.

 

12.03

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесін әзірлеп жатыр.

 

12.03

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі.

 

13.03

Түркістан облысы

Түркістан облысында биыл екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады.

 

14.03

Астана

Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді.