
9.02
Жамбыл облысы
Шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Сарысу ауданында соңғы он жылда алғаш рет каналдарды тазалау жұмыстары қолға алынды.
9.02
Астана
Қазақстан мен Қырғызстан гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты және су қоймалары бойынша деректер алмасуды қайта жандандырады.
10.02
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстары саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бастамаларын іске асырудағы әлеуетті ынтымақтастық сөз болды.
11.02
Түркістан облысы
Түркістан облысында Шардара топтық су құбырының құрылысы 70%-ға аяқталды.
12.02
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларын әзірлеуді бастады.
13.02
Астана
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан су ресурстарын ұзақ мерзімді жоспарлауға қалай көшетінін түсіндірді.
12.02
Астана, СҚО
Астана мен СҚО-ның 40-тан астам колледжінің студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбындағы экосағатқа қатысты.