Құрметті су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың меншік иелері!

Құрметті су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың меншік иелері!

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың тізілімі құрылыстардың паспорттары негізінде жүргізіледі және Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің (СРҰАЖ) құрамына кіреді:

https://qazsu.gov.kz/

Құрылыстардың электрондық тізілімі СРҰАЖ-дың

«Су объектілері, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың паспорттары» модулінде жүзеге асырылған.

 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 10 шілдедегі № 170-НҚ бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 5-тармағына сәйкес, электрондық паспортты тізілімге енгізу жауапкершілігі құрылыстардың меншік иелеріне жүктеледі.