Апталық шолу

Апталық шолу

2.02

Астана

2025 жылы «Қазсушар» РМК-ның техника паркі 27%-ға жаңартылды. Соның нәтижесінде техниканы жалға алу шығындары 85%-ға азайып, жөндеу шығындары екі есеге қысқарды.

 

3.02

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Бас прокуратура судың «қара нарығын» жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

 

4.02

Астана

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 2026 жылдың екінші жартысында өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының (АТО) 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша отырыс өткізді.

 

4.02

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Жиында ведомствоның 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды.

 

5.02

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды.

 

6.02

Астана

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында өзен арналарының шамамен 110 шақырым бөлігі тазартылып жатыр.