Апталық шолу

Апталық шолу

26.01
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлескен жобаларды талқылады. Министр Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті.

27.01
Астана
«Қазсушардың» оңтүстіктегі филиалдарында тұрақты суару бойынша бес оқу орталығы құрылады.

28.01
Астана
Қазақстанда жерасты суын басқаруға арналған ақпараттық жүйені орнату және іске қосу аяқталды.

29.01
Астана
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су ресурстары және ирригация министрлігі қандай жағдайда жерасты суын рұқсатсыз алса, заң бұзылатынын түсіндірді.

29.01
Жетісу облысы
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барып, вегетация кезеңіне дайындық және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

30.01
Алматы облысы
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.