Апталық шолу

Апталық шолу

19.01

Түркістан облысы

Түркістанда қазақ-өзбек бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өтті. Онда тараптар екіжақты су және су-энергетикалық ынтымақтастық салаларындағы негізгі мәселелерді талқылады.

 

20.01

Астана

Халықаралық сарапшы Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу дұрыс шешім екенін айтты. Сарапшының пікірінше, бұл жүйе су ресурстарына қатысты деректерді жүйелеуге және нақты міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.

 

21.01

Астана

Солтүстік Аралдың көлемін 34 текше шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын іске асыру барысы туралы баяндады.

 

21.01

Астана

Соңғы екі жылда Балқаш көліне шамамен 30 млрд текше метр су жіберілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ведомствоның трансшекаралық суды пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді.

 

22.01

Түркістан облысы

Түркістан облысының Жетісай ауданында магистральды каналдар 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады. Облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісай ауданындағы магистральды каналдарды тазалау жұмыстарының барысы мен нәтижелері туралы есепті тыңдады.

 

23.01

Астана

Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құруды пысықтап жатыр.