Апталық шолу

Апталық шолу

12.01

Астана

Тұтынушылардың құқығын бұзған суару суын жеткізушілерге 17,8 млн теңге айыппұл салынды.

 

13.01

Түркістан облысы

Түркістан облысында 100 мың гектардан астам суармалы жерге сор шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

13.01

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылға арналған сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жоспарын асыра орындады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

 

14.01

Астана

Астана қаласы мен Ақмола облысының 150 мыңнан астам оқушысы «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы су үнемдеуге арналған экосағатқа қатысты.

 

15.01

Астана

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

16.01

Астана

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік су инспекцияларының қандай өкілеттіктері бар екенін түсіндірді.