
Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы «Победа» магистральдық каналы мен оның негізгі құрылысын соңғы 30 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет реконструкциялауды бастады.
Қазіргі уақытта ұзындығы 6 шақырым болатын канал бөлігі механикалық тазалаудан өтті. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдарды сатып алу және жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылға белгіленген барлық жұмыс толық орындалды. Қалған жұмыстар биыл жалғасын табады», – деді Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы директоры Дәулет Жанысов.