
✅Вегетация кезеңінде тұрақты суаруға 11,1 млрд текше метр су алынды. Ауыл шаруашылығы құрылымында бұл көлем саланың жалпы ішкі өнімінің 30 пайызына дейінгі үлесін қамтамасыз етті.
✅Егіс алқаптарына су беруді жақсарту және экологиялық мақсаттағы су жіберудің тиімділігін арттыру мақсатында 1840 км ирригация каналдары механикалық тазалаудан өтті.
✅Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 543,5 мың гектарға жетті. Осылайша, Мемлекет басшысының жыл сайын шамамен 150 мың гектар жаңа алқапта су үнемдеу жүйелерін енгізу жөніндегі тапсырмасы орындалып жатыр.
✅2026-2028 жылдарға су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға бөлінетін қаражат 4 есе ұлғайтылды. Бұл шара шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыруға бағытталған.
✅237 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, сумен қамту сапасы жақсартылды. Жалпы алғанда, 2025 жылы 449 мың адам сапалы ауыз суға қол жеткізді.
✅Су шаруашылығы саласының негізгі капиталына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Келесі жылы Ислам даму банкімен су қоймалары мен каналдарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаның алғашқы кезеңі іске асырыла бастайды.
✅«Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты. Бұл шара су шаруашылығы саласына қызығушылықты арттырып, кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған.
✅«Қазсушар» филиалдарына 576 жаңа арнайы техника берілді. Бұл техникалар су шаруашылығы нысандарын салу, жөндеу және тазалау жұмыстарында белсенді қолданылып жатыр.
✅Су шаруашылығы саласының 1000-нан астам маманы Қазақстанда және шетелде біліктілігін арттырды. Олардың ішінде 125 маман Қытай кәсіпорындарында оқудан өтті. ҚХР-мен бірлескен бағдарламаны жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
✅Қоғамда су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған акцияларға 2 миллионнан астам оқушы қатысты. Қазақстан бойынша су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар, балалар арасында сурет байқаулары, эко-жарыстар және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылды.