Апталық шолу

Апталық шолу

8.12
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында 30 жылдан кейін алғаш рет жер арықтары механикалық тәсілмен тазартылып жатыр.

8.12
Астана
Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 69 гидротехникалық нысан жөнделіп жатыр.

9.12
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Азия даму банкі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

9.12
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу және су нысандарын қорғау мәселелері талқыланды.

10.12
Астана
Биыл су саласының 800-ден астам маманы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

11.12
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының Меркі ауданында екі ирригациялық каналдың күрделі реконструкциясы аяқталды.

11.12
Астана
Нидерланды сарапшылары Астанада тасқын қаупін модельдеу және болжау бойынша тренинг өткізіп жатыр.

12.12
Түркістан облысы
Түркістан облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.