Апталық шолу

Апталық шолу

24.11
Астана
Су нысандарына өту үшін төлем алу заңды ма? Су ресурстары және ирригация министрлігі азаматтарға құқығын түсіндірді.

25.11
Венгрия
Қазақстандық су саласының мамандары Венгрияда су дипломатиясының негіздерін меңгеріп жатыр.

26.11
Түркістан облысы
Жетісай ауданында жаңа арнайы техника көмегімен 65 км-ге жуық ирригациялық каналды кешенді тазалау басталды. Бүгінге дейін оның 29 шақырымы тазартылды.

27.11
Астана
Қазақстанда суару суын жеткізуге арналған электронды келісімшарттар жасасу жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару суын бөлу және есепке алуды цифрландыру мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді.

28.11
Түркістан облысы
Түркістан облысында «Найман» каналын бетондау жұмыстары аяқталды.