
17.11
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі суару суын пайдаланатын тұтынушыларға қаржыны қайтару үшін 18 табиғи монополия субъектісінің тарифтерін уақытша төмендетті. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы 177 млн теңге өтемақы қайтарылады.
18.11
Түркістан облысы
Түркістан облысында ұзындығы 62 шақырымнан астам арық каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
19.11
Астана
Қазақстанның ирригация саласын жаңғыртуға Еуразиялық даму банкі 5,3 млн доллар көлемінде грант бөледі.
19.11
Корея Республикасы
Қазақстан мен Корея жасанды интеллектіні пайдалана отырып, су тасқынын болжау және алдын алу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
20.11
Қарағанды облысы
Қ. Сәтбаев атындағы каналда төрт жаңа трансформатор іске қосылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов филиалдың 2025 жылдың басынан бері атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады.
20.11
Вьетнам
«Қазсушар» РМК Азия су кеңесінің құрамына енді. AWC – Азиядағы және оның шегінен тыс жерлердегі су мәселелеріне шешім іздеуді мақсат ететін жетекші су платформасы.
21.11
Түркістан облысы
Түркістан облысында 700-ден астам тік дренаж ұңғыма қалпына келтіріледі.