Апталық шолу

Апталық шолу

27.10
Астана
Астанада ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқаруды цифрландыру бойынша өңірлік тренинг өтті.

28.10
Қызылорда және Түркістан облыстары
Жыл басынан Қызылорда және Түркістан облыстарында су заңнамасын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды.

28.10
Астана
Қазақстан мен Финляндия су ресурстарын тиімді басқару бойынша тәжірибе алмасады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

29.10
Астана
Халықаралық сарапшылар еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бастамаларын жоғары бағалады. Олардың айтуынша, Қазақстан су ресурстарын басқаруды цифрландыру бағытында дұрыс жолда келеді.

30.10
БҚО
Жыл басынан Батыс Қазақстан облысында 100 шақырымнан астам ирригациялық канал тазартылды.

📅31.10
📍Астана
Астанада гидротехникалық құрылыс саласына немістің озық технологияларын енгізу мәселесі талқыланды.