ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Үтелов Сағи Мұрасұлы «Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты» бағыты бойынша Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды

1994 жылғы 6 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген.

2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Техникалық физика» мамандығы бойынша үздік бітірген.

2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Жылу энергетика» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2023–2025 жылдары – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінде басқарма басшысы, директорының орынбасары.

2025 жылғы 2 маусымнан 22 шілдеге дейін – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2025 жылғы 23 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры.