Апталық шолу

Апталық шолу

13.10
Астана
2025 жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге көлемінде 310 айыппұл салынды.

13.10
Астана
Су шаруашылығы қызметкерлері челленджді қолдап, жаңа техникаларын көрсетті. Бүгінде еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдары 576 жаңа арнайы техника алды.

14.10
Астана
Орталық Азия елдері өңірдегі су мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы Орталық Азиядағы су мәселелерін бірлесіп шешуге серпін берді.

15.10
БҚО
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын.

16.10
Астана
Өндіріс және өнеркәсіп мекемелері 2027 жылдың 10 маусымына дейін суды қайта және айналмалы пайдалану жүйелеріне көшу жоспарын ұсынуға міндетті.

17.10
Жетісу облысы
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр.

17.10
Алматы облысы
Алматы облысында 12,5 мың гектар егістік жерді сумен қамтуды жақсартатын екі жоба аяқталуға жақын.