Апталық шолу

Апталық шолу

 

29.09
Астана
Су саласы мамандықтарына грантқа түскен студенттер саны 71%-ға артты. Осы оқу жылында гидрогеология мен гидрология бойынша мемлекеттік грант иеленген студенттердің саны 894 болды.

30.09
Астана
Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы Қытаймен су саласын цифрландыру және трансшекаралық су нысандарындағы гидробекеттерді автоматтандыру бағытында ынтымақтастық орнатты.

30.09
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының шаруаларын вегетация кезеңінде сумен қамту үшін 1 млрд текше метрден астам су алынды.

1.10
Түркістан облысы
Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын.

2.10
Астана
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын егіс алқабының аумағы 86%-ға ұлғайды.

3.10
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 10 нысан әкімдіктерге берілді.

3.10
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады.