Қазақстанның оңтүстік облыстарында вегетация кезеңінде 10,3 млрд текше метрден астам су алынды  

Қазақстанның оңтүстік облыстарында вегетация кезеңінде 10,3 млрд текше метрден астам су алынды  

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі вегетация кезеңінің барысы туралы айтты.
 
Алматы және Жетісу облыстарында вегетация тұрақты жағдайда өтіп жатыр. Бүгінгі таңда Алматы облысында 136 мың гектардан астам, Жетісу облысында 133 мың гектар егістік жер суарылды. Вегетация басталғалы бері ауылшаруашылығы қажетіне Жетісу облысында 1,2 млрд текше метрден астам су, ал Алматы облысында 1,3 млрд текше метр су алынды.
 
Суару жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін екі өңірде қосымша шамамен 40 млн текше метр су алу көзделген.
 
Жамбыл облысында да вегетациялық кезең аяқталуға жақын. Қазіргі таңда Шу және Талас өзендерінен, сондай-ақ Тасөткел су қоймасынан алынған жалпы су көлемі 961 млн текше метрді құрады.
 
«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы 78 925 гектар жерді суару үшін 3 902 келісімшарт жасасқан, оның ішінде 76 365 гектар алқапқа су берілген. Қалған қант қызылшасы мен жоңышқа егілген алқаптар Байзақ, Жамбыл, Талас және Қордай аудандарында орналасқан. Қырғызстан аумағынан жеткізіліп жатқан су бұл жерлерді толықтай суаруға жеткілікті.
 
Сонымен бірге Талас ауданында балық шаруашылығына арналған тоғандарды толтыру жұмыстары басталды.
 
Қызылорда облысында вегетация кезеңінде алынған су көлемі 3,51 млрд текше метрді құрады. Өңірдің егістік алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 357 су сорғы станциясы орнатылды. Оның 60-ы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалына тиесілі болса, қалған 297-сі жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ және шаруалардың күшімен орнатылған.
 
Қазір өңірде күріш жинау жұмыстары басталды. Сонымен қатар диқандар су үнемдеу технологияларын белсенді қолдана бастады. Бүгінгі таңда шамамен 75 мың гектар суармалы жер осы әдістермен қамтылған. Қабылданған шаралардың арқасында вегетация қалыпты жағдайда өтті.
 
Түркістан облысында вегетация кезінде алынған су көлемі 3,35 млрд текше метрді құрады. Қазіргі таңда негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын суару аяқталуға жақын. Су қажеттілігі төмендеп, өнімнің шығыны тіркелген жоқ.
 
Қосымша шара ретінде Қызылорда және Түркістан облыстарында каналдар арқылы суды кезекпен беру кестесі бекітілді, 169 тік дренаж жүйесі іске қосылды, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілді, коллекторлық-дренаждықсу қайта пайдаланылды.
 
«Биыл вегетация кезеңі күрделі климаттықжағдайларда өтті. Көктемдегі аптап ыстық қабайланысты суару маусымы орташа мерзімнен 20 күн бұрын басталды. Сонымен қатар вегетация алдындағы топырақтың жеткіліксіз ылғалдануы су шаруашылығы жағдайына, әсіресе оңтүстік өңірлерде, кері әсерін тигізді. Қатты аптап ыстықсу тасқынының негізгі кезеңдерін ерте мерзімге ығыстырды, бұл Шардара су қоймасына келіптүсетін су көлеміне айтарлықтай ықпал етті. Сондай-ақ ішкі өзендердің ағысының едәуірқысқаруы жағдайды күрделендірді», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министріНұрлан Алдамжаров.
 
Заңсыз су пайдалануды болдырмау үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау шаралары күшейтілді. Соның нәтижесінде бүгінде су пайдаланушылар арнайы су пайдалану үшін 912 рұқсат рәсімдеді.
 
Жыл басынан бері министрліктің бассейн инспекциялары 258 профилактикалық және жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде су заңнамасын бұзудың 369 дерегі анықталды. Оның қорытындысы бойынша 125 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 91,5 млн теңгені құрайтын 657 әкімшілік айыппұл салынды.