Апталық шолу

Апталық шолу

18.08
Астана
Халықаралық сарапшы СРИМ-нің су дипломатиясы саласындағы жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстан мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай күш жұмсап келеді.

19.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылды.

20.08
Астана
Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес күшейді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған құқықбұзушылықтар саны шамамен 9 есеге өскен.

21.08
Астана
Халықаралық сарапшы Су ресурстары және ирригация министрлігінің су саласын трансформациялау бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады.

21.08
Астана
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласын дамыту жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін семинар өткізіп жатыр. Семинарда сатып алу, қаржыны басқару, адалдық пен этика мәселелері қозғалуда.

22.08
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр.