Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

2023 жылы бассейн инспекцияларының штаты 98-ден 281 адамға дейін өсті. Сондай-ақ еліміздің 10 өңірінде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылды. Бүгінгі таңда онда 1 197 маман еңбек етіп жатыр.

2025 жылдың басынан бері «Қазсушар» РМК-ның 425 маусымдық қызметкері тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар еліміздің әртүрлі өңірлерінде гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру және салу жобаларын жүзеге асыру барысында 892 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік су саласына жаңа білікті кадрларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сондай-ақ мамандардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары қолға алынып жатыр. Мәселен, су саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар олардың жалақысын энергетика саласындағы мамандар деңгейіне жеткізу мәселесі шешімін тапты»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.