Еңбек адамы: Қуатов Азамат Ғабидуллаұлы – 2025 жылдың «Үздік жас сушысы»

Еңбек адамы: Қуатов Азамат Ғабидуллаұлы – 2025 жылдың «Үздік жас сушысы»

Су ресурстары саласында 2015 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан Қуатов Азамат Ғабидуллаұлы – «Қазсушар» РМК филиалындағы «Су-метрология» бөлімінің жауапты маманы. Ол қазіргі таңда гидробекеттерде су өлшеу және есепке алу жұмыстарын тиянақты жүргізіп, мекеменің сенімді маманы ретінде танылып отыр.

Азаматтың негізгі міндеттері – су өткізу құрылғыларының бетемерлік түсірілімін жасау, сынақ жүргізу, топырақтың ылғалдылығы мен беріктігін анықтау, гидробекеттерге рейка орнату және дәлдікке негізделген өлшеу қызметтерін орындау. Ол кәсіби шеберлігімен қатар, жұмысқа деген жауапкершілігімен, іскерлік қабілетімен ерекшеленеді.

Жұмыс барысында белсенділігімен, ұқыптылығымен және жаңашылдыққа ұмтылысымен танылған ол – болашағынан зор үміт күттіретін білікті маман. Жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындап, өз ісінің үздігі болуға ұмтылып келеді.

Бейнероликке сілтеме: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5765