Наби Арашұлы 1978 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы темір-жол инженер-транспорт институтына оқуға түсті. 1984 жылы аталған оқу орнын сәтті аяқтап, инженер-электро-механик мамандығын иеленді.
Еңбек жолында тәжірибе мен білімді ұштастырып, түрлі салада нәтижелі қызмет атқарған ол 2015 жылдан бастап «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының ұжымында бас энергетик болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бері техникалық қолдау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Ұйымшыл, жауапкершілігі жоғары маман ретінде Наби Ахмедин әріптестері арасында зор құрметке ие. Ол техникалық қауіпсіздік, энергиямен жабдықтау және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру бағытында табанды еңбек етіп келеді.
Көп жылғы тәжірибесі, кәсіби шеберлігі мен тиянақтылығының арқасында Наби Арашұлы өзінің саласында сенімді жетекші ретінде танылды.
Салаға сіңірген адал еңбегі ескеріліп, биыл Су қызметкерлері күні мерекесіне орай III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ: