
Еңбек адамы: Жігер Ғалиев – «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы Көксу өндірістік учаскесінің І-дәрежелі инженер-гидротехнигі.
Жігер Төлеубекұлы Ғалиев 2009 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп келеді.
Кәсіби жолында су өлшеу жұмыстарын қадағалау, нысандарды тиімді пайдалану, сондай-ақ учаскедегі жауапты мамандардың қызметтік міндеттерінің орындалуын үйлестіру ісін жоғары жауапкершілікпен атқарып келеді. Ең күрделі учаскелердің бірінде тынымсыз еңбек етіп жүрген Жігер Төлеубекұлы – ұжым арасында зор құрметке ие.
Өзін сауатты әрі жоғары білікті маман ретінде көрсетіп жүрген ол – өз ісіне берілген, еңбекқор әрі тиянақты маман. Қызмет барысында тапсырылған әр жұмысты жоғары деңгейде орындап, кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді.
Жас маман бола жүріп, өндірісті ұйымдастыру, мақсаттарға қол жеткізу және командамен тиімді жұмыс істеу тәжірибесін жинақтаған. Қызметіндегі үлгілі еңбегі мен табандылығы үшін биыл Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Жігер Ғалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ: