21.07
Астана
Халықаралық сарапшы Қазақстанның жаңа Су кодексіне жоғары баға берді.
21.07
Қызылорда және Түркістан облыстары
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдары басшыларын бақылаудың жеткіліксіздігі мен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағаны үшін жазалады.
22.07
Павлодар облысы
Биыл Павлодар облысында 33 мың гектардан астам лиманға су жіберілді.
22.07
ШҚО
ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды.
23.07
Түркістан облысы
Түркістан облысының шаруаларын сумен қамту сапасын жақсарту үшін «Машканалды» механикалық тазалау басталды.
23.07
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі суды ортақ пайдаланудың ережелерін бекітті. Жаңа Су кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге құқығы жоқ.
24.07
Астана
Қазақстанда диқандарға су беруді жақсарту үшін жыл басынан бері 780 шақырым канал тазартылды.
24.07
Ақмола облысы
Ақмола облысының диқандары мол өнім жинап жатыр.
25.07
Түркістан облысы
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты.
25.07
Түркістан облысы
«Қазсушардың» Түркістан филиалының екі өндірістік учаскесінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді.