2019 жылдан бері су ресурстары саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Әлихан Хамзин еңбек жолын инженер-гидротехник ретінде бастаған. Қазіргі таңда ол Ақмола филиалында бірінші санатты инженер-гидротехник қызметін атқарып келеді.
Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі жоғары маман ретінде танылған Әлихан Әділханұлы су шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген жас әрі келешегі зор маман. Ол өз ісіне адал, еңбекқор және үнемі жетіліп отыруға ұмтылатын маман.
Жас та болса, саланың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Әлихан Хамзин – болашағынан зор үміт күттіретін инженер-гидротехник.