«Еңбек адамы»: Төлеген Ғұмаров – су саласының тәжірибелі маманы

«Еңбек адамы»: Төлеген Ғұмаров – су саласының тәжірибелі маманы

     Төлеген Базарұлы Ғұмаров – су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан жоғары білікті инженер-гидротехник. Қазіргі уақытта ол «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары қызметін атқарады.

    Төлеген Базарұлының еңбек жолы 1987 жылы басталып, 1991 жылдан бері су ресурстары саласында табанды жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде ол су пайдалану бөлімінің бастығы, аудандық басқарма басшысы, инженер-гидротехник, жетекші инженер және филиал басшысының орынбасары секілді жауапты қызметтерде абыроймен еңбек етті.

     Білімі жоғары, 1991 жылы Саратов ауыл шаруашылығын механизациялау институтын «гидромелиорация» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2006 жылы «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен, 2020 жылы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, 2024 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен (III дәрежелі) және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Төлеген Базарұлы көп жылғы адал еңбегі мен су шаруашылығы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін кеңінен танылған, абыройлы маман ретінде бағаланады. Биыл Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай оны Президент Құрмет орденімен марапаттады.

БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ:

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5648