14.07
Жамбыл облысы
«Қазсушардың» Жамбыл филиалы 51 жаңа арнайы техника алды.
15.07
Астана
Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ға артты. 2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлінді.
15.07
Түркістан облысы
Түркістан облысының Жетісай ауданында суармалы су тұрақты беріліп жатыр.
16.07
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп жатыр.
16.07
Астана
Краннан су ішу үшін бірнеше минут ағызудың қажеті жоқ. Алдын ала су ағызу тек санитарлық-эпидемиологиялық тексеру үшін сынама алынатын жағдайда ғана керек.
17.07
Қарағанды облысы
Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді.
17.07
Жетісу облысы
Вегетация кезеңі басталғалы Жетісу облысында 100 мың гектардан астам егіс алқабы суарылды.
18.07
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының диқандары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр.
18.07
Астана
Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды.