«Қазсушардың» Жамбыл филиалы жергілікті шаруалармен су жеткізу бойынша 3852 келісімшарт жасасқан. Бүгінде шамамен 61 мың гектар егіс алқабы суарылып, 512 млн текше метрден астам су берілді. Бұл ретте су тек тиісті келісімшарт болған жағдайда ғана жеткізіледі.
Жамбыл облысында суару маусымы 20 күнге ерте басталды. Бұған себеп – ауа температурасының жоғары болуы және жауын-шашынның болмауы. Осыған байланысты өңірде суармалы суды әділ бөлу мақсатында егістік алқаптарды кезекпен суару ұйымдастырылып жатыр.