Хәкімжанов Сәлим Бариұлы – 2007 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Қазіргі уақытта ол «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалына қарасты «Сергеев гидроторабы» өндірістік учаскесінде бас энергетик қызметін атқарады.
Сәлім Бариұлы еңбек жолын III дәрежелі электромонтер және техник болып бастаған. Жылдар бойғы еңбегімен өзін білікті, тәртіпті және жауапкершілігі жоғары маман ретінде көрсете білді. Сонымен қатар ұйымшылдық қабілеті де жоғары бағаланады.
Ол өз жұмысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді жетік меңгерген. Бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Кәсіпорын жұмысына бірқатар техникалық жаңашылдық енгізудің бастамашысы болған.
Көпжылдық адал еңбегі үшін Сәлім Бариұлы бірнеше мәрте салалық марапаттар мен алғыс хаттарға ие болған. Ол – өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор әрі білімді маман. Өз ісіне талапшыл, жұмыс барысындағы мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге ұмтылады. Сондай-ақ ұжымның қоғамдық өміріне де белсене қатысады.