«Еңбек адамы»: Дихан Әубәкіров – «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы

«Еңбек адамы»: Дихан Әубәкіров – «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы

👷🏻‍♂️💦«Еңбек адамы»: Дихан Әубәкіров – «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы

Әубәкіров Дихан Уәлиханұлы 1962 жылғы 14 шілдеде Қызылорда облысы, Сұлутөбе ауылының 1 Май елді мекенінде дүниеге келген. 1969 жылы №40 мектепке барып, оны 1979 жылы тәмамдаған. Сол жылы Шиелідегі ПМК-9 мекемесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.

1980 жылы Қызылорда политехникалық техникумына түсіп, 1983 жылы техник-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдады. 1983–1985 жылдары әскери борышын өтеген. 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

1985–2011 жылдар аралығында аудандық суландыру жүйелері басқармасына құдық қазушы болып жұмысқа қабылданып, кейін инженер-гидрометр, бөлімше бастығы, бас инженер қызметтерін атқарған.

2011–2021 жылдар аралығында «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдан бері «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Ол еңбекқорлығымен, әріптестеріне деген сыйластықпен және шаруалармен тіл табыса білетін ашық қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Қоғамда абыройлы азамат, аудандық мәслихаттың 8-шақырылым депутаты.

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5450