Айкуль Оспановна - гидромелиорация саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар білікті инженер. Ол еңбек жолын 1978 жылы бастап, бүгінге дейін еліміздің су шаруашылығын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді.
Қазіргі уақытта ол «Қазсушардың» «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының ГТҚ пайдалану бөлімінің инженер-гидротехнигі қызметін атқарады.
Сондай-ақ Алматы облысындағы ірі магистральдық каналдардың — Қорам, Сол жағалау Күрті және «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының» қайта жаңғырту жобаларында жетекшілік етті.
Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін әріптестері Айкүл Оспановнаға айрықша құрметпен қарайды, оны өзара «тірі энциклопедия» деп атайды.
⠀
Жоғары кәсібилігі мен адалдығы үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Д.Қонаев» медалімен және басқа да марапаттармен марапатталған.