Шу-Талас бассейндік инспекциясы арнайы су пайдалану рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді анықтап, тексеру жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлер мен шаруаларға Су кодексі талаптарына сай рұқсат алу тәртібі үнемі түсіндіріліп келеді.
Жақында инспекция бастамасымен Табиғат қорғау прокуратурасы және «Қазсушар» қызметкерлерімен кездесу өтіп, судың «көлеңкелі нарығын» болдырмау үшін барлық су пайдаланушыларды ресми келісімшартқа отырғызу туралы келісім жасалды.
Шу-Талас бассейнінде бүгінде 336 су пайдаланушы тіркелген. 2025 жылдың алғашқы жартысында түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 60 кәсіпкер мен шаруа арнайы рұқсат рәсімдеп, заңды су пайдаланушылар қатарына қосылды.