«Еңбек адамы»: Назгүл Сәбитқызы – Жамбыл облысындағы «Аса» өндірістік бөлімшесінің гидротехнигі

«Еңбек адамы»: Назгүл Сәбитқызы – Жамбыл облысындағы «Аса» өндірістік бөлімшесінің гидротехнигі

Назгүл Сәбитқызы – 2016 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының «Аса» өндірістік бөлімшесінде гидротехник қызметін атқарады.

Назгүл Сәбитқызы еңбек жолын 2016 жылдың ақпан айында Талас-Аса каналының су реттеушісі болып бастап, кейін осы учаскеде гидротехник қызметін жалғастырды.

Жұмыс барысында өз ісіне жауапты, тәртіпті әрі іскер маман ретінде танылды. Ол су шаруашылығы саласындағы су деңгейін, ағын жылдамдығын реттеу мен тұтыну жоспарын жетік меңгерген. Өзінің кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындайды.

Еңбекқорлығымен, әріптестеріне деген сыйластықпен және азаматтарға деген сыпайы қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, біліктілігін арттыруға тырысады.

Видео: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5413