Жанақаев Марат Амангелдіұлы – су шаруашылығы саласында 2016 жылдан бастап абыроймен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Сырдария өзеніндегі Әйтек су торабы және Қараөзек» өндірістік учаскесінде аға диспетчері қызметін атқарады.
Марат Амангелдіұлы - еңбек жолын су реттеушіден бастап, КИПиА слесарі, диспетчер қызметтерін атқарған.
Қызмет атқарған мерзім ішінде өзін тәртіпті, орындаушылық жауапкершілігі басым қызметкер ретінде көрсете білді және өзінің тікелей міндеттерін жетік меңгерген. Жұмыс барысында қолданатын нормативті – құқықтық актілерді, еңбек қатынастары туралы қызметтік - регламенттік құжаттарды күнделікті жұмыста сауатты да жақсы пайдалана алады.
Марат Амангелдіұлының мінезі салмақты, тәртіпті, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып, білімін жетілдіріп отырады. Әріптестері арасында сыйлы және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы. Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады.