Жетісу облысында Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Ақсу ауданында 108,7 км канал жаңғыртылуда. Қазірге дейін каналдар тазаланып, бетондау, құрылымдар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Көксу ауданында 2023 жылы басталған жаңғырту жұмыстары аясында 11 км канал жөнделді. Жоба 6,8 мың га жердің суару жүйесіне әсер етеді. Бірнеше каналда құрылыс пен құрылымдар орнату жалғасып жатыр.
Жобалар 2026 жылы пайдалануға берілгеннен кейін 18,3 мың га жердің суару жүйесі жақсарады. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.