Вегетациялық кезеңнің басынан бері «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы облыстағы шаруа қожалықтарына 9 млн текше метр су жеткізді

Вегетациялық кезеңнің басынан бері «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы облыстағы шаруа қожалықтарына 9 млн текше метр су жеткізді

Вегетациялық кезеңнің басынан бері «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы облыстағы шаруа қожалықтарына 9 млн текше метр су жеткізді. Суармалы су беру бойынша 47 келісімшарт жасалып, 5 019 гектар ауыл шаруашылығы жері суарылды.
Магистралдық және шаруашылықаралық арналарды уақтылы тазарту нәтижесінде су шығындары азайып, суару тиімділігі артты.

Филиал қызметкерлері Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен бірлесе отырып, Ілек, Қарғалы және Сазды өзендері бойында суды заңсыз пайдалану деректерін анықтау мақсатында апта сайын тексерістер жүргізіп жатыр.