
Сәбит Исмайылұлы Бірманов – су саласында 28 жылдан бері абыроймен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының Жәнібек пайдалану учаскесінің автокөлік жүргізушісі қызметін атқарады.
Салада 1997 жылдан бері жұмыс істейтін Сәбит Исмайылұлы осы жылдар ішінде Батыс Қазақстан филиалының мелиоративтік сумен үздіксіз қамтамасыз ететін су шаруашылығы нысандардағы жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдар мен жабдықтарды, өзіне сеніп тапсырылған көлікпен үнемі уақытылы жеткізу жұмыстарын атқарып, осы жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталуына зор үлесін қосып келеді.
Сәбит Бірманов ұқыптылығы, еңбекқорлығы мен біліктілігінің арқасында ұжым ішінде үлкен беделге ие. Әріптестерімен қарым-қатынасы сыпайы, кикілжіңсіз орта қалыптастыра біледі. Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, әріптестеріне әрдайым қолдау көрсетуге дайын.
БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ: