«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының мамандары жоспарлы рейка нивелировкасын жалғастыруда. Айдарлы ауылындағы Р6 нүктесінде нивелир арқылы су өлшеу рейкасы тураланып, одан кейін лотоктағы су деңгейі өлшенді. Бұл су көлемін нақты есептеп, ауыл шаруашылығы тұтынушыларының сұранысына қарай суды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
⠀
Күрті су қоймасының төменгі гидропостына ерекше назар аударылды. Мұнда ГРМ-1 гидрометриялық құрылғысы арқылы су ағысының жылдамдығы бірнеше тік қималар мен тереңдіктерде өлшенді. Бұл көрсеткіштер негізінде тәуліктік және жалпы су жіберу көлемі есептеледі. Бұл — суару жүйесіне тұрақты су жеткізуді қамтамасыз ету және су ресурстарының тепе-теңдігін сақтау үшін маңызды.
⠀
Мұндай өлшеулер су нысандарының жүйелі мониторингінің бір бөлігі болып табылады және су ресурстарын тиімді әрі ашық басқаруға жағдай жасайды.