«Еңбек адамы»: Бейсебай Сахов– Түркістан өңіріндегі су шаруашылығы саласының ардагер маманы

«Еңбек адамы»: Бейсебай Сахов– Түркістан өңіріндегі су шаруашылығы саласының ардагер маманы

Сахов Бейсебай Әкімтайұлы – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК Түркістан филиалына қарасты «Бадам-су» бөлімшесінің Бадам-су қоймасында инженер-гидротехник қызметін атқарып жүрген тәжірибелі маман.

Жоғары білімді, су шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар. Өзінің кәсіби жолын 1984 жылы А.Саркисов атындағы Оңтүстік аштық-Степ каналының №4 бөлімшесінде аға инженер-гидрометр қызметінен бастап, түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етіп, су шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып келеді.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының «Бадам-су» бөлімшесінде инженер-гидротехник қызметін абыроймен атқарып келеді. Осы кезеңде Бейсебай Әкімтайұлы су қоймасындағы су шаруашылық нысандарын тиімді пайдалану, ағымдағы жөндеу және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, суару жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында аянбай еңбек етіп келеді.

Маман ретінде күрделі өндірістік міндеттерді шешуде бастамашылдығын танытып, су пайдаланушы шаруашылықтармен тиімді жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген, өзбек және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Қызметтік міндетін мінсіз атқарумен қатар, ұжымдағы беделі жоғары, әріптестерімен тығыз байланыста, қоғамдық шараларға белсенді түрде қатысады.
Оның ерен еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі бірнеше мәрте марапаттарға ие болды.

Су шаруашылығы саласында сіңірген еңбегі мен адалдығы үшін Бейсебай Әкімтайұлы 2025 жылғы 22 сәуірдегі №8 хаттамамен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының ұжымында талқыланып, «Еңбек Даңқы» орденіне ұсынылды.

Ол – кәсіби біліктілігі, еңбекке адалдығы мен қарапайымдылығымен ерекшеленетін, нағыз еңбек адамы.

Видео: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5368