23.06
Алматы облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі Франция мамандарымен бірлесіп Балқаш көлі бассейніне зерттеу жүргізді.
23.06
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында су соратын тағы 13 заңсыз қондырғы анықталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «көлеңкелі нарығымен» күресті жалғастырып жатыр.
24.06
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Азия даму банкі жаңа нысандардың құрылысы мен мұздықтардың еруіне қарсы күресті талқылады.
24.06
Түркістан облысы
«Қазсушардың» Түркістандағы филиалы «Найман» каналының 18 шақырымын бетондады. Нысан бойында 42 су өткізу шлюзі мен 6 су тоспасы орнатылды.
25.06
Астана
Қ.Сәтбаев атындағы каналдың сорғы станцияларына 5 жаңа трансформатор жеткізілді. Жаңа трансформаторларды құрастыру және іске қосу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.
26.06
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында Фурманов айналма каналы 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады.
26.06
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында ұзындығы 117 шақырым болатын магистральдық су құбырының құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, ең шалғай елді мекендерінің бірі - Ақбасты ауылына орталықтандырылған ауызсу жүйесі жеткізілді.
26.06
Астана
Вегетациялық кезең басталғалы Қазақстанда суармалы алқаптарға 4,8 млрд текше метр су алынды.
27.06
Қызылорда облысы
Су ресурстары және ирригация министрі Қызылорда облысының құқық қорғау органдарының басшыларымен судың «көлеңкелі нарығын» жою мәселесіне қатысты кеңес өткізді.
27.06
Қызылорда облысы
«Қазсушардың» «Сыр суы» филиалына 30 жаңа арнайы техника тапсырылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.