Бағадат Рахымжанқызы Маденова Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының түлегі. Оқуға түскенге дейін институт жанындағы РХ-1 және НИС-7 ғылыми-зерттеу секторларында бір жыл техник болып қызмет атқарды.
Жобалау-сметалық топтың инженері қызметінен бастап, су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің жетекші инженер-гидротехнигіне дейінгі жолдан өткен, «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалындағы 21 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман.
Қазіргі уақытта ол су шаруашылығы балансының есептеулерін жүргізіп, шарттар жасасуға қажетті құжаттарды жинақтайды, сондай-ақ филиалдың барлық су шаруашылығы нысандары бойынша суару процесімен айналысады.
Күш-жігері, білімі мен адалдығы арқылы ерекшеленетін нағыз еңбек адамы.
2014 жылы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, 2023 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Су шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.