Жетісу облысында соңғы 50 жылда алғаш рет Тентек өзеніндегі су тарту торабын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биыл мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң, құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.
Су торабын реконструкциялау нысанның тиімділігін арттырып, су шығынын азайтуға әрі 31 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабын тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.