Суару кезеңі басталғалы Қызылорда облысының диқандарына 1,28 млрд текше метр су берілді

Суару кезеңі басталғалы Қызылорда облысының диқандарына 1,28 млрд текше метр су берілді

Облыстағы «Қазсушар» филиалы 982 шаруа қожалығымен су беру туралы келісімшарт жасасты. Жалпы алғанда, 126,3 мың гектар егіс алқабын суару үшін 3 млрд текше метрден астам су жіберу жоспарланған.

Сонымен қатар Қызылордадағы «Қазсушар» филиалы облыс әкімдігімен бірлесіп, егілген дақылдарды толық сумен қамту бағытында жұмыстарды бастап кетті. Қазіргі таңда елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мониторингтік топ құрылды. Барлық магистральдық және шаруашылықаралық канал арқылы суды кезекпен беру кестесі жасалды.

Суармалы суды қайта пайдалану мақсатында су пайдаланушыларға күріш алқаптарынан суды коллекторлар арқылы жинап, оған сорғы қондырғыларын орнату тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.