
Жаңа Су кодексінің күшіне енуіне байланысты Арал-Сырдария және Есіл бассейндік инспекцияларының мамандары түсіндіру жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Инспекция өкілдері су пайдаланушылармен кездесіп, су ресурстарын заңды әрі үнемдеп пайдалану талаптарын түсіндірді. Судың «көлеңкелі нарығы» және басқа да құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгені ескертілді.