Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы биыл жалпы ұзындығы 144 шақырым болатын каналды тазалап, 28 нысанды жөндеуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 4 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда Жайық–Көшім суару жүйесінің каскадты су қоймалары мен 7 магистральдық каналын қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал Жәнібек суару жүйесін жаңартуға қатысты жобалау-сметалық құжат мемлекеттік сараптамадан өтуде.