Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарына шолу

02.06
Түркістан облысы
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады. Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

02.06
Тәжікстан
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын пайдалану туралы хаттамаға қол қойды. Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр.

03.06
Жамбыл облысы
Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлін толтырды.

04.06
Астана
Суару маусымы басталғаннан бері Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы шаруаларға 2,5 млрд текше метрден астам су берілді.

05.06
Түркістан облысы
Түркістан облысының диқандары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр. Шаруалар суды дер кезінде жеткізіп берген Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Қазсушардың» жергілікті филиалына алғыс білдірді.

06.06
Солтүстік Қазақстан облысы
Табиғатты қорғау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді.