Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарына шолу

26.05
Түркістан облысы
Суармалы судың егістікке ерте берілгенінің арқасында Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары қауынның алғашқы өнімін мерзімінен бұрын жинады. Бүгінгі таңда Жетісай ауданының диқандарына 12 578 гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 39,5 млн текше метр су берілген.

27.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбырын салып жатыр.

28.05
БҚО
Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы 12 мың гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік береді.

28.05
Түркістан облысы
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 38 жаңа арнайы техника алды. Оның ішінде Жетісай өндірістік учаскесіне екі тиегіш пен бір экскаватор жеткізілді. Ал Мақтаарал өндірістік учаскесіне екі тиегіш техника табысталды.

29.05
Астана
Қазақстан мен Жапония су тасқынына қарсы күрес шараларын жақсарту үшін грант бөлуге келісті. Гранттың көлемі - 2 млн доллар. Жоба еліміздің су тасқынына төзімділігін арттыруға және бөгет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

30.05
Түркістан облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскадымен бірге топтық су құбырын салу жобасына жеке инвестиция тартты.

30.05
Астана
Қазақстанда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленіп жатыр. Астана халықаралық форумы аясында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.