Қазақстан мен Италия су ресурстары саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Италия су ресурстары саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Италияның инженерлік, архитектуралық және техникалық-экономикалық консалтингтік ұйымдар қауымдастығы (OICE) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында болашақта бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылады.

Су ресурстарын цифрлық басқару:
– Спутниктік бақылау (NASA, Copernicus) арқылы жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығын бақылау;
– Гидрологиялық модельдер (SWAT, MODFLOW) арқылы су балансын болжау;
– Су сапасын автоматты бақылау (рН, ластану, ауыр металдар).

Жасанды интеллект және «ақылды» жүйелер:
– ГАЖ технологиясы мен AI арқылы суару жүйелерін оңтайландыру;
– Қашықтан зондтау негізінде шешім қабылдау жүйелері (DSS).

Климаттың өзгеруіне бейімделу:
– Құрғақшылық пен су тасқынына қарсы инженерлік шешімдер;
– Жаңбыр суын жинау, суды қайта пайдалану, тұщыландыру жүйелері;
– Табиғи әдістерге сүйенген су қорғау (батпақты жерлерді қалпына келтіру).

Инфрақұрылымды жаңарту:
– Көпфункционалды су қоймаларын жобалау (суару + энергетика);
– Ескі бөгеттер мен суару желілерін жаңғырту;
– Экологиялық әсерді бағалау және оны азайту бойынша жоспарлар.

Бұл бастамалар – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экологиялық тұрақтылықты нығайтудың маңызды қадамы.