Меню
Страницы
Министрлік туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
07 сентября 2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы - «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты.

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан және қоқиқаздар мен басқа да құстардың мекен ету ортасы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Қазақстанның барлық аумағында табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары кезінде «Қазсушар» РМК мамандары гидротораптар мен су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, судың өтуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, бақылауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, су нысандарының сарқылуының алдын алу мақсатында былтыр қабылданған Су кодексіне алғаш рет «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл – өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажет судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі. Құжатта шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар да кеңейтілді. Сонымен қатар сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режимі көзделген.

«Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау – шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

07 сентября 2026
Апталық шолу

31.08

Астана

«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

 

1.09

Астана

Жаңа оқу жылында су саласы мамандықтары бойынша 840 студент білім алуды бастады

 

2.09

Алматы облысы

Су ресурстары және ирригация министрлігі Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізеді

 

3.09

Жамбыл облысы

Жамбыл облысында Қазақстанның бұлақтарын ауқымды түгендеу аясында 600-ге жуық бұлақ зерттелді

 

4.09

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы үш жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары

04 сентября 2026
Жаңа Су кодексі, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсуі: Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы үш жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары

2023 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Ведомство су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді. Тиісті міндеттер 2024-2030 жылдарға арналған Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасында және 2024-2028 жылдарға арналған Су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда айқындалып, бекітілді.

Былтыр жаңа Су кодексі күшіне еніп, онда су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша түбегейлі жаңа қағидаттар белгіленді. Шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Ал жергілікті атқарушы органдар елді мекендер шегіндегі жерүсті су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуі тиіс. Құжатта сондай-ақ Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бас жоспар мен бассейндік жоспарларды әзірлеу көзделген. Бұл жоспарлардың қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік жоспарлау кезінде ескеріледі.

Сондай-ақ Су кодексіне сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындар қайта және айналымды сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу бойынша бес жылдық жоспарлар әзірлеуі, ал қолданыстағы жүйелер ең үздік қолжетімді технологияларды қолдана отырып жаңғыртылуы тиіс.

Су саясатының негізгі міндеттерінің бірі – экономиканың барлық секторында ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Әсіресе ауыл шаруашылығында. Заманауи суару технологияларын енгізуді жеделдету үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп.

2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемі 543,5 мың гектарға жетті. Оларды енгізу қарқыны бес есе артты, ал үнемделген су көлемі шамамен 874 млн текше метрді құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қосымша ынталандыру шарасы ретінде су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 80%-ға дейін ұлғайтылды.

2024-2025 жылдары жалпы ұзындығы 1 458 шақырым болатын каналдарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 4,6 мың шақырымнан астам каналда жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жылы 962 шақырым канал пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар каналдарды механикалық тазарту көлемі де артты. Егер 2023 жылы 678 шақырым канал тазартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 840 шақырымға жетті.

Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары бес су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Ауыз сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 22 жоба іске асырылып, 321 елді мекенді, яғни шамамен 945 мың адамды қамтыды. Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасын салу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Трансшекаралық су мәселелері бойынша барлық көршілес мемлекеттермен құқықтық база қалыптастыру аяқталды. Өзбекстанмен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

Сырдариядағы су қоймаларының жұмыс режимдерін келісу нәтижесінде Солтүстік Арал теңізіне судың тұрақты келуі қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде Солтүстік Аралдың көлемі 2023 жылдың басындағы 18,4 текше шақырымнан қазіргі уақытта 23,5 текше шақырымға дейін ұлғайды.

Мемлекеттік саясаттың міндеттерінің бірі – су саласының кадрлық әлеуетін нығайтып, оны жас мамандар үшін тартымды ету. Үш жыл ішінде су шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарының желісі 2023 жылғы 9 жоғары оқу орны мен 6 колледжден 13 жоғары оқу орны мен 10 колледжге дейін ұлғайды.

Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер саны да айтарлықтай артты. Мысалы,  2023-2024 оқу жылында 291 студент оқуға қабылданса, өткен оқу жылында бірінші курсты 1 000 студент аяқтады.

Сонымен қатар саладағы еңбекақы деңгейі де көтеріліп келеді. Екі жыл ішінде «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі еседен астам өсіп, 326 мың теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрап, алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79%-ға артты. Шетелдік серіктестермен 9 келісім және өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 44 меморандум жасалып, 15,9 млн АҚШ доллары көлемінде грант қаражаты тартылды.

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың басқа да элементтері туралы мәліметтерді біріктіреді. Қазіргі уақытта жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны бойынша деректер цифрландырылып, құрылымдалды. Бұдан бөлек, суармалы су беру бойынша келісімшарттар жасасу процесі толық цифрландырылды.

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі қайта құрылды. Қазіргі уақытта қызмет 711 ықтимал бұлақтың орнын анықтады. Сонымен қатар қор және мұрағат материалдары негізінде ел аумағындағы 2 772 бұлақтың картасы жасалды.

«Мемлекет басшысының су саласындағы тапсырмаларын іске асыру стратегиялық және нормативтік базаны қалыптастыру кезеңінен инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға және су ресурстарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу кезеңіне өтті. Келесі кезеңнің негізгі міндеті – жоспарлы көрсеткіштерден нақты нысандарды уақытылы аяқтауға көшу және су қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, экономика мен ел халқы үшін тұрақты практикалық нәтижеге қол жеткізу», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

03 сентября 2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.

03 сентября 2026
Жамбыл облысында Қазақстанның бұлақтарын ауқымды түгендеу аясында 600-ге жуық бұлақ зерттелді

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Жамбыл облысындағы бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстар жүргізді. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы бұлақтардың бірыңғай деректер базасын қалыптастыру аясында жүргізіліп жатыр. Елде алғаш рет бұлақтарды түгендеумен қатар, әрбір табиғи су көзі бойынша жүйеленген мәліметтерді қалыптастыра отырып, оларды паспорттау жұмыстары жүргізілуде.

Далалық жұмыстар барысында өңірдегі 574 бұлақ зерттелді. «Қазгидрогеология» мамандары бұлақтардың санитариялық және техникалық жағдайына бағалау жүргізіп, олардың координаттарын нақтылады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізді және зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері бойынша бұлақтардың орналасқан жері, жағдайы, гидрогеологиялық сипаттамалары және су сапасы туралы негізгі мәліметтер қамтылатын паспорттар әзірленіп жатыр. Алынған деректер табиғи су көздері туралы мәліметтерді өзектендіруге және оларды одан әрі есепке алып, мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Келесі жылы Алматы облысында 600-ге жуық бұлақты зерттеу, ал 2028 жылы Жетісу облысында шамамен 500 бұлақты зерттеу жоспарланып отыр. Бұлақтарды жүйелі түрде паспорттау жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатқанын атап өткен маңызды. Жүргізіліп жатқан жұмыс бұлақтардың жай-күйін жақсы түсінуге, оларды сақтау бойынша уақытылы шаралар қабылдауға және олардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи және сенімді деректер базасын қалыптастыру жолымен табиғи су объектілері мен тұщы су көздерін сақтауға бағытталған», - деді «Қазгидрогеология» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

02 сентября 2026
Су ресурстары және ирригация министрлігі Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады. Каналды реконструкциялау оның су өткізу қуатын жобалық көрсеткіштерге жеткізіп, Алматы облысындағы суармалы жерлерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Биыл жыл басында Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың техникалық жағдайын жақсартуға, су ысырабының көлемін азайтуға және облыстағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

01 сентября 2026
Жаңа оқу жылында су саласы мамандықтары бойынша 840 студент білім алуды бастады

2026-2027 оқу жылында 840 бірінші курс студенті жоғары оқу орындарында су саласына қатысты мамандықтар бойынша білім ала бастады. Осылайша, Қазақстан университеттерінде су шаруашылығы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттердің жалпы саны 3 мыңнан асты.

Қазіргі уақытта орта арнаулы оқу орындарында 800-ден астам адам оқиды. Олардың жүзден астамы жаңа оқу жылы басталар алдында оқуға түсті.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын оқу орындарының саны артты. Мысалы, 2023 жылы республикада болашақ су шаруашылығы мамандарын даярлайтын 9 жоғары оқу орны мен 6 колледж болса, бүгінде су шаруашылығы саласының мамандарын 13 университет пен 10 орта арнаулы оқу орны даярлайды.

Сондай-ақ су саласының мамандықтары бойынша оқуға түсетін талапкерлерге арналған білім беру гранттарының саны да артты. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылындағы 262 гранттан 2024-2025 оқу жылында 390 грантқа дейін, ал өткен оқу жылында 1000 грантқа дейін көбейді.

Сонымен қатар «Қазсушар» РМК кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны да артып келеді. 2024 жылы тәжірибеден 82 студент өтсе, 2025 жылы – 470, ал биыл 700-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтті.

Солтүстік Қытай электр энергетикасы университетімен, Венгриядағы Корвинус және Обуда университеттерімен, сондай-ақ Өзбекстандағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

«Қазақстанның барлық оқушысын, студенттері мен педагогтерін Білім күнімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылында табыс тілеймін. Бүгін алған білім болашақ кәсіби қызмет үшін маңызды негіз болады. Өз тарапымыздан министрлік сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. Мәселен, екі жыл ішінде «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі еседен астамға артты. Сонымен қатар шетелдік серіктестердің қатысуымен қолданыстағы мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары да іске асырылып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов.

31 августа 2026
«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде саланың негізгі кәсіпорындарын «қайта жаңғырту», сондай-ақ бүкіл саланың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін күшейту шаралары қолға алынды.

Атап айтқанда, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Қазсушар» РМК-мен біріктірілді. Сонымен қатар кәсіпорынның бейінді емес активтерін, оның ішінде топтық су құбырларын коммуналдық меншікке беру жөніндегі Жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК жарғылық қызмет түрлерін кеңейту жұмыстарын қолға алды. Ал ашықтықты арттыру мақсатында жыл басынан бері кәсіпорында суару суы үшін қолма-қол төлем жасау толығымен тоқтатылды. 2026 жылы су тұтынушылармен жасалатын барлық шарт жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта жасалады.

Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде кәсіпорын шығындарды толық жойып, өткен жылды пайдамен аяқтады. Дебиторлық берешек 90%-ға азайды.

«Қазсушар» РМК-ны реформалау бизнес-процестерді қайта құру мен автоматтандыруды, филиалдардың қызметін жоспарлау және тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды, кіріс пен шығысты басқаруды орталықтандыруды, жобалық басқару қағидаттарын енгізуді және жарғылық қызмет түрлерін кеңейтуді қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорынның техникалық паркі жаңартылып жатыр. Былтырдың қорытындысы бойынша техника паркінің 27%-ы жаңартылды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

30 августа 2026
Апталық шолу

24.08

Астана

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 857 шақырым болатын 103 ирригация каналын автоматтандыру басталды

 

25.08

Астана

Астанада су үнемдеу саласында оқушылардың зерттеулері мен жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

 

26.08

Астана

«Қазсушар» РМК қарамағындағы 32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салынады

 

27.08

Қарағанды облысы

Қаныш Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы агрегаты мен 17 трансформаторды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

27.08

Астана

Су саласының өкілдері алғаш рет Тамыз педагогикалық конференцияларына қатысты

 

28.08

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі судан қанша метр қашықтықта құрылыс салуға болмайтынын түсіндірді

 

28.08

АҚШ, Оклахома штаты

Қазақстан мен АҚШ су тазарту және оны қайта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр

 

29.08

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 500-ге жуық су саласының маманы шетелде біліктілігін арттырды

 

 

 

29 августа 2026
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 500-ге жуық су саласының маманы шетелде біліктілігін арттырды

2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері қазақстандық су саласының мамандары шетелдік тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келеді. Бүгінде елден тыс жерлерде 498 маман білім алды.

Мәселен, 2023 жылы 14 маман Корея Республикасы, Германия және Израильде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2024 жылы екіжақты меморандум аясында Нидерландтағы IHE Delft Су білім беру институты ұйымдастырған су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша курстар басталды. Екі жыл ішінде бұл курстарға 70-тен астам маман қатысты.

2025 жылы 30-дан астам маман Өзбекстан, Үндістан, Түркия, Қытай, АҚШ, Нидерланд, Оңтүстік Корея және Ресейде біліктілігін арттырды. Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (IOFS) мен Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастырған семинарларға 156 маман қатысты.

25 қазақстандық маман Нидерландтың Witteveen+Bos компаниясының қолдауымен курстардан өтсе, тағы 125 маман Power China компаниясының қаржыландыруымен Қытайда білім алды.

Биыл Power China компаниясының қолдауымен 40-қа жуық отандық су саласының маманы Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар 2026 жылдың басынан бері Финляндия, АҚШ, Израиль, Швейцария, Германия және Жапонияда тағылымдамалар ұйымдастырылды.

«Министрлік су ресурстары саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты белсенді түрде жолға қойып келеді. Екіжақты өзара іс-қимыл аясында қазақстандық су саласының мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар әзірленіп жатыр. Оларға қатысу арқылы біздің мамандар өздерінің күнделікті жұмысында қолдана алатын өзекті білім мен озық дағдыларды меңгереді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты