Жер асты сулары департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент міндетіне жер асты суларының жай-күйі мен пайдаланылуын бақылау, оларды сарқылудан, ластанудан, қоршаған ортаға тигізетін ықтимал әсерден қорғау, оларды пайдаланудың ұтымды нысандарын негіздеу мақсатында Қазақстан аумағының гидрогеологиялық зерделенуін арттыру жатады.
Департамент жер асты суларын іздеу және барлау басқармасынан, мемлекеттік бақылау және жер асты суларының мониторингі басқармасынан тұрады. Штат саны 8 бірлік.
Департамент басшысы – Жайық Ерікұлы. Байланыс құралы 8 (7172) 74-09-30
Жер асты суларын іздеу және барлау басқармасының басшысы – Бексұлтан Бижігітұлы Бегалиев
Мемлекеттік бақылау және жер асты суларының мониторингі басқармасының басшысы – Ляззат Мұсабайқызы Зиябекова